Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Битум тапшылығы жойыла ма?

11:28, 15 тамыз 2022 234
                            

Елімізде тас жолдардың дер кезінде жөнделмеуіне битум тапшылығы себеп. Яғни, мердігерлер көктем-жаз мезгілдерінде жол төсеуге қажетті материалды таппай сенделеді екен. Сондықтан Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев битум тапшылығын жоюды тапсырған болатын.

Осыдан кейін Энергетика министрі ішкі нарықты қажетті құрылыс материалымен толық қамтуға шамамыз жетеді дейді.

«Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша Ресей Федерациясынан гудрон импортына квота 280-нен 430 мың тоннаға дейін, сондай-ақ Ақтаудағы битум зауытында битум өндірісі ұлғайтылды. Бұл отандық битум өндірушілерге өндірісті 300 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді», деді ведомство басшысы.

Болат Ақшолақовтың айтуынша, соның нәтижесінде жыл сайынғы жиынтық қуаты жылына 1,2-1,3 миллион тоннаны құрайтын болады. Бұл жол құрылысы үшін ішкі нарықтың қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді.

 

Десе де көктем-жаз мезгілінде битум іздеп шарқ ұрған мердігерлдер алаяқтарға да алданып жатыр. Мәселен Қапшағай мен Күрті арасында жол төсеп жатқан компания битум жеткізіп береміз деген азаматтарға сеніп, 149 миллион теңгесінен қағылған. «АБЗ БАКАД» серіктестігі былтыр «Ақтау Тасымалдаушы» деген компаниядан мың тонна (1000) битум сатып алу үшін келісім-шарт жасасқан. Тіпті есеп-шотына алдын-ала 154 миллион теңге аударып жіберіпті. Алайда он күнде жеткізіледі деген құрылыс материалы сол күйі келмеген. Ақшаның тек 5 миллион теңгесі қайтарылыпты. Қалған 149 миллион теңгенің сайда саны, құмда ізі жоқ. Алданып қалған компания Маңғыстау облыстық Полиция депратаменті мен облыстық прокуратураға арызданған. Алайда құзырлы органдардың өзі жол саласына қажетті битум жеткізіп береміз деген компания басшыларын тиісті жауапқа тарта алмай отыр. Салдарынан ел игілігіне берілуі тиіс Қапшағай-Күрті тас жолының құрылысы созылып, жауапты мердігердің қаржы тапшылығынан қолы байланған.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар