Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаевтың бұрыңғы әйелі жан-айқайды жеткізгенде Салтанат тірі қалар ма еді? - ӘНШІ

18:23, 25 сәуір 2024 713

Қазақстандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева экс-министр Қуандық Бишімбаевтың экс-әйеліне ренжіді.

Әнші Меруерт Түсіпбаева Назым Қаһарманның ел алдына шығып, сұхбат беруін сынады.

“Бұл әйелді ең бірінші рет теледидардан Бишимбаевтың мемлекеттен қаржы жымқырды деп күдікке ілінгенінде көрген едім. Сонда білімділігін бөлек қойғанда күйеуіне деген адалдығы тәнті еткен еді. Бүкіл әлем қарсы шыққанда қарлығаштың қанатымен су сепкендей, жан-тәнімен жұбайын, балаларының әкесін, сүйіктісін қорғап, жан ұшырғанын ұмытпадық. Салтанаттың трагедиясынан кейін, әр жерде бір жылтыңдап, сұхбат беріп жүр. Мен мықтымын, тірі қалдым дегендей сайрап отыр. Ойымды 100 пайызға өзгертті. Егер бұл әйел ажырасып, қоғамға жан-айқайын жеткізсе, Салтанат тірі қалар ма еді", – деді әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар