Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкентте ер адамның бұрынғы әйелін пышақтап, буындырып, ақшасын ұрлап кеткені хабарланды

13:17, 18 сәуір 2025 216

Шымкент қаласында ер адамның бұрынғы әйелін пышақтап, буындырып, ақшасын ұрлап кеткені хабарланды, деп жазды  Alash.kz порталы.

Оқиға 9 сәуірге қараған түні болған. Шымкент қаласында 4 баланың анасы зәбір көріп, бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құша жаздаған. Әпкесі бұл оқиғаның қалай басталғаны жайлы мәлімдеді.

Әпкесі Мәншүк Бубееваның сөзіне сенсек, бұрынғы күйеу баласы сіңлісін өлтіретінін ескерткен. Сіңілісі сақтану мақсатында полицияға хабарлаған. Бірақ полиция қызметкерлері ешқандай шара қолданбаған. 

"Сіңлім мен күйеу балам 2013 жылы заңды түрде ажырасқан. Бірақ қайта табысып-айрылысып жүріп, арада тағы екі бала туды. Соңында Ақмарал енді қайта қосылмайтынын айтып нақты шешім қабылдады. Оны естіген бұрынғы күйеуі жай жібермейтінін, өлтіретінін мәлімдеп, қорқытқан. Тек сіңліме емес, ата-анама да хабарласып, қоқан-лоқы көрсетіпті. Мұны естіген ата-анам бірден полицияға арызданған. Шағымды қабылдағанымен жергілікті тәртіп сақшылары ешқандай шара қолданған жоқ. Егер әрекет жасаса, қазір сіңлім мұндай хәлге түспеуші еді", – дейді Мәншүк Бубеева.

Ақмаралдың әпкесінің сөзінше, ескертуден кейін бұрынғы күйеу бала экс-жұбайының үйіне келеді. Жұмыстан келе жатқан жерінен күтіп алады. Ұрып жығып, желкесіне пышақ сұғып, буындыра түседі. Салдарынан жұлынына өткір зат тиіп, келіншек қимылдаудан қалыпты. 

"Сөмкенің ішінде 100 мың теңге болған. Онымен қоймай банк картасындағы қаражатын да өзіне алған. Араша түскен көршілері күдіктіні қуып жете алмапты. Ең өкініштісі шарасыз күйде жатқан анасын 14 жастағы қызы көрген. Қазір олармен психологтар жұмыс істеп жатыр. Ал бұрынғы күйеуінен озбырлық көрген сіңлімнің қайта аяқтан тұруы екіталай болып тұр. Қаншама дәрігерге көрсеттік. Қол-аяғының қимылдауына мүмкіндік аз дейді", – деп мәлімдеді Ақмаралдың әпкесі.

Stan.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 32 жастағы келіншек бүгінге дейін бала-шағасын жалдамалы пәтерде тұрып, өзі жұмыс істеп асырап келген.  Перзенттерінің үлкені 14 жаста болса, кішісі 4-те. Осылай деген Мәншүк Бубеева күдіктінің араға 3 күн салып ұсталғанын айтады. Қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып тергеу жүргізіліп жатыр. Келіншек қаржылай көмектің де ауадай қажет екенін айтады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар