Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Екібастұзда өз баласын аштан өлтірген әйел аз мерзімге сотталды

13:03, 15 мамыр 2024 558

Екібастұзда сегіз айлық баласына тамақ бермей, аштан қатырған әйел сотталды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеп. 

Шідерті кентінің тұрғыны сотта өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін мәлімдеді. Оның кінәсі сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен, сарапшының айғақтарымен, басқа да құжаттық және заттай айғақтармен дәлелденді.

Сотталушының жеке басы мен отбасылық жағдайын ескере отырып, сот оған бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Ал әйелдің қалған екі баласы мемлекет қамқорлығына өтіп, өзі ата-ана құқығынан айрылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар