Қуандық Бишімбаевтың сот отырысында берген жауаптарын естіген оның экс-әйелі әлеуметтік желіде өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.
Назым Қаһарман өзіне де Бишімбаевтың тарапынан қатты қысым көрсетіліп жатқанын жасырмады.
Сот отырысында Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов өзін ағасынан бөлек отырғызуды талап етті. Өйткені, ағасы тарапынан қысым көрсетіліп жатқанын айтты. Назым Қаһарман інісінің бұл сөзіне жүз пайыз сенетінін айтты.
- Классика! Бәріне сен кінәлісің, тек қана сен. Мен де осы бір адамға сенім ұялататын сөздерді тыңдап, өзімді кінәлі сезінгендей болғанмын… Ал ол керемет, мінсіз емес. Бірақ бәріне кінәлі менмін ғой, – деп өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында экс-министрдің бет-келбетін айғақтайтындай ойын жазды.
- Онымен бірге сотталушы ретінде адам тұрмақ маған да қысым жасауға тырысып жатыр, – деп Бишімбаевтың тағы бір әрекетін жария етті.