Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Елтаңбаға келгенде жартысынан көбі сүрініп жатты

06:48, 01 ақпан 2024 245
"Мемлекеттік рәміздер туралы бір әлеуметтік сауалнама жүріп жатыр екен. Әдетте, сондай сауалнама, тесттерде роликті паузаға қойып, әлгі қатысушылардай килігіп кететінім бар. Соңында нәтижесін қарап, деңгейімді көріп, не қуанып, не көңілсіз қалам"деп жазыпты жас қаламгер Дәурен Айманбет.



Ол мемлекеттік рәміздер туралы толғанысында: "Содан мемлекеттік рәміздеріміздің авторларын, олардың сипаттарын, жалпы түр-түсін анықтау жүріп жатыр. Қатысушылар Ту мен Әнұранда мүдірмей жауап беруде. Мен де қалысар емеспін. Елтаңбаға келгенде жартысынан көбі сүрініп жатты. Мен бе? Шынымды айтайын, омақаса құламасам да, әр деталіне тоқтап, түсінік бере алмадым. Мүмкін, байрақты сәтте чемпиондарымыз өзге мемлекеттерде Әнұранды ойнатып, Көк Туымызды бөгде елдің көгінде желбіретіп жүргенінен Елтаңбамыз солардың көлеңкелерінде қап қоятындығынан шығар. Аса елей бермейміз, расы" деп жазады.

"Жаңа адамдар" жүргізген сауалнамаға ой қосқан автор "Елімізде кез-келген мемлекеттік мекеменің кіре берісіндегі не мекеме екенін білу үшін тақтайшасына қараймыз да, маңдайшасына мән бермейтініміз анық. Жылына бір келер "Рәміздер күнінде" ғана аты аталып қалар Елтаңбамыздың нендей детальдардан тұратынын, соның әрбірінің бүге-шігесіне дейін тоқталып кете аласыз ба?

Елімізде ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу идеологиясы қалай, қай деңгейде жүріп жатқанын білмеймін, Конституциямен қорғалатын Елтаңбамызға келгенде — Көк Туымыз бен Әнұранымыздай дәріптеліп, мейлінше аты жиі аталуын қадағалау қажет сияқты. Ондағы күмбезді шаңырақтың, қанатты тұлпар —пырақтардың, күннің нені білдіретінін, авторлар Уәлиханов пен Мәлібековтертердей сайрап тұру қажет.

Ал, әлгі әлеуметтік сауалнамаға қатысушыларға айтатыным, Елтаңбамызды негізгі атрибуты шаңырақтан, жүдә болмаса тутүстес фонынан бірден айыра алуға болады екен өзгелерден" деп аяқтайды толғанысын.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар