Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Еркеліктің қандай болатынын үйреттің“. Айгүл Иманбаева күйеуіне "нәзік әрі ерке болуды үйреткені" үшін алғыс айтты

09:28, 11 қыркүйек 2024 570

Жақында екінші рет тұрмысқа шыққан танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева күйеуін туған күнімен құттықтап, таныстықтың қалай басталғаны туралы бандады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

 Айгүл Иманбаева күйеуімен алғашқы таныстықтың қалай басталғаны туралы айтып берді: 

"- Сәлеметсіз бе?

- Сәлеметсіз бе. Менің атым Ерлан.

- Менің атым Айгүл.

- Танысқаныма қуаныштымын. 

- Мен де.

- Сіздің телефон нөміріңізді алса бола ма, суреттерді жіберейін деп едім...

Міне, ортақ достарымыз таныстырған кеште, біздің таныстығымыз сонау шет мемлекетте осылай басталды. Қызық, әр адам өзінің өмірлік жарын жүрегімен сезеді екен ғой. Ең бастысы - Құдайға деген сенім. Менің қасымда жаны таза, өресі биік, білімді, дамығанды жақсы көретін, бойында еш комплексі жоқ нағыз азамат болса екен деп, Құдайдан сұрайтын едім. Шын тілесең береді деген де осы шығар және "Көптің тілеуі көл" деген. Сіздердің ақ баталарыңызды өнер мен өмір жолымда тұмар қылып тақтым! Жаратқанға алғысым шексіз", - деп жазды әнші.

Кейіннен жолдасын туған күнімен құттықтап, оған не нәрседе де шексіздіктің бар екенін үйреткені үшін алғыс білдірді, жүрекжарды лебізін төкті: 

"Бүгін менің жолдасым Ерланның туған күні. Шын жүрегіммен құттықтаймын. Сен маған әйелдік нәзіктіктің, еркеліктің қандай болатынын үйреттің. Не нәрседе де шексіздіктің бар екенін үйреттің. Ұл-қыздарымыздың, немерелеріміздің бақытын бірге көруге жазсын жаратқаным. Барлық арман-тілектерімізге бірге жетейік. "Қуанғанға құт қонады" дейді. Маған тілекші болған жандардың бәріне тілек-баталарыңыз мың еселеп қайтсын. Ұрпақтарыңыздың жолы қашанда ашық болсын. Әр әйел бақытты болуға лайықты!", - деп жазды ол. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар