Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Халықаралық мүгедектер күніне орай Абай облысында мерекелік іс-шара өтті

05:05, 05 желтоқсан 2023 261
Семейде AMANAT партиясының «Кедергісіз келешек» жобасын жүзеге асыру аясында Халықаралық мүгедектер күніне арналған салтанатты шара өтті.

Халықаралық мүгедектер күнінің мақсаты - ерекше қажеттілікті талап ететін азаматтарды әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени өмірге қатыстыруға, құқықтары мен қадір-қасиетін қорғауға бағытталған айтулы күн.



Абай облысы әкімдігі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.





«БҰҰ бекіткен мүгедектер күні 30 жылдан астам уақыт бойы халықаралық деңгейде аталып келеді. Мемлекет ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдап отыр. Олардың құқықтары мен заңдардың сақталуын қамтамасыз ету аясында әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейді», - деді ол.



✅Сонымен қатар аппарат басшысы елімізде ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың білім алу, еңбек ету, медициналық қызмет көрсету, әлеуметтік көмек алу және т.б. құқықтарына кепілдік беретін Әлеуметтік кодекс пен басқа да заңның бар екенін, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту және арнайы жұмыс орындарын құруда қажетті шаралар қабылданып жатқанын, оңалту орталықтары ашылып, кедергісіз орта құру жұмысы жүргізілгенін айтты.



Шара барысында жиналғандар үшін көрме ұйымдастырылып, мерекелік концерт өтті.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар