Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Желіде діни сеніммен зорлыққа шақыратын материал таратқан ер адам ұсталды

10:28, 11 маусым 2024 353

Қостанайда полицейлер БАҚ арқылы теріс дінді насихаттаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Қостанай облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 30 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Өзге дінді ұстанатын азаматтарға насихат жасап, діни себептермен зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдарды таратқан.

«Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, терроризмді насихаттағаны үшін оған қатысты 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделіп отыр, ал діни алауыздық тудырғаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деді басқарма бастығының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?