Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мағжан әлемі" - мәңгі әлем

06:23, 23 қараша 2022 246
Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Мағжан әлемі» атты шығармашылық байқауы өтті.

Алматы Менеджмент Университетінің қабырғасында Тілдер орталығының ұйымдастыруымен 23 қазан күні қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы, ұлы ақын, педагог, Алаш қозғалысының қайраткері М.Жұмабаевтың 130 жылдығына орай жоғары оқу орындары арасында қалалық «Мағжан әлемі» атты шығармашылық байқауымыз өтті.



  1. Аталған іс-шараға арнайы қатысқан университетіміздің Ғылым жөніндегі проректоры Сәркеев Бақытжан Құрманбайұлы Мағжан шығармаларының бүгінгі таңда да өзекті екендігін айтса, байқауға арнайы шақырылған әдебиеттанушы Орда Гүлжаһан ханым алаш қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, артына өшпес мол мұра қалдырған қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жайлы мазмұнды ой толғады.


Байқауды өткізудегі мақсатымыз - жастар қашанда тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші болып табылатындықтан, М.Жұмабаев шығармашылығымен таныстыру, жазушы туындылары арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Байқауға 9 университеттен команда қатысты. Байқау 4 кезеңге бөлінген. Бірінші кезең:Команда таныстырылымы. Екінші кезең:«Мағжан және поэзия».



Үшінші кезең: «Біз және Мағжан» және төртінші кезең: «Мағжан және сахна». Команда жұмысын бағалауда әділқазылар қатарында әдебиеттанушы, режиссер, актер, журналист, блогерлер болды. Командалардың өнерін арнайы тағайындалған әділқазылар алқасы бағалап, жеңімпаздарды анықтады. Бас жүлдені Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінің студенттері.

II орынды С.Демирел университетінің студенттері, ал III Алматы менеджмент университетінің студенттері иеленді. Жүлдегерлерге арнайы диплом мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Байқау өз деңгейінде өтіп, өнерпаздар көрермендерді өз өнерлерімен тәнті етті.



Басшылық тарапынан байқау қатысушылары мен осы байқауды ЖОО арасында қалалық деңгейінде ұйымдастырған оқытушыларға (Бегалиева Л.Б., Садыр Г.А., Абиева Ж.Ж., Ақерке Талғатқызы) және кешке ат салысып, өз өнерлерімен тәнті еткен студенттерімізге алғысын білдірді.

Бегалиева Ләззат Бегалиевна

 

 

 

 

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар