Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Маңғыстау облысының білім басқармасы, білім қайда?": Абай Бегейдің 16 жастағы қызы ұзатылды

21:24, 18 тамыз 2024 3707

Танымал әнші Абай Бегей екінші қызын алып қашып кеткендерге батасын беріп, құда атанды. Бүгін Бегей әулетінде той болып жатыр, деп хабарлайды Alash.KZ Ozgeris.Info сайтына сілтеп.

Өнер иесінің қызы өзінің туған жері Ақтау өңіріне келін болып түсті. Жақсы жаңалықты желіге әншінің жұбайы жариялады. Осыдан кейін журналист Гүлмира Әбіқай мұның заңсыз екенін жазған еді.

«Маңғыстау Облысының Полиция Департаменті, екі бірдей заң бұзуға қалай жол бердіңіздер? Қыз алып қашу және кәмелет жасқа толмаған қыз??? Маңғыстау облысының білім басқармасы, білім қайда? Сабақ қайда? Екі жақтың ата-анасын заңды жауапқа тартып, айыппұл салу қажет. Абайды сыйлаушы едім, өз қызына өзі жау болып шыққаны жаман болған екен!», — деп жазды журналист.
Ал бүгін Абай Бегейдің әулетінде той болып жатыр. Желіге жүктелген суреттер мен видеолардан сырға салу рәсімі мен қыз ұзату бір күнде өтіп жатқанға ұқсайды.
«Жат елге келіп кеп, көздері мөлдіреп анасын сағынып тұр», — деп Сымбат Абайқызы жазба қалдырды.
«Әкесі қайда? Әкесінің батасын алмай әйелдердің ұзатып жатырғаны дұрыс болмады», «Ағасы жылағанда біз де жыладық», «Әлі сене алар емеспін, шынымен ұзатылып жатыр ма?», — деп оқырмандары түрлі пікір қалдырды. 
 
Естеріңізге сала кетейік, Абай Бегей Ақтауға белгілі блогер әрі тіс дәрігерлерімен құда болып жатыр.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар