Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Негізін қаламады, керісінше ол құртты"

13:19, 03 мамыр 2022 245
 



Парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты Серік Әбдірахманов Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін Ата Заңға бекітуге қатысты журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында пікір білдірді.

Оның айтуынша, экс-президент Қазақстанның негізін қаламаған, қайта оны құртқан. Ол Назарбаевтың аты Ата Заңда емес, қарғыс астында қалады деген ойын алға тартты.
«Негізін қаламады, керісінше ол құртты. Жайнап тұрған Қазақстан. Тәуелсіз сарапшылар АҚШ-тың ЦРУ-ы, Халықаралық эксперттердің бағасы бойынша Қазақстан 1980 жылдардың аяғында халықтың тұрмыс деңгейі бойынша 30-елдің қатарына кіріп, 28 орынға шықты. Осындай ашық мәліметтер осы желіде бар. Сол себептен 1980-1990 жылдардың аяғымен салыстырсақ, халықтың жағдайы 5 есе нашарлап кетті. Енді осыдан кейін негізін қалады деп айтуға бола ма? Өкінішке қарай, бұл кісінің аты Ата Заңда емес, қарғыс астында қалады. Сондай жағдайға Қазақстанды жеткізді» деді Серік Әбдірахманов.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=seA4xe2ApFE[/embed]







Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар