Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Нығматулиннің ұлы рейдерлік бойынша күдікті деп танылмады

18:10, 09 сәуір 2025 739

Бас прокуратура мәліметінше, биыл 22 ақпанда кәсіпкер Қанат Амиркиннің арызы бойынша алдын ала тергеу басталды, деп жазады Alash.KZ.

Дегенмен қылмыстық іс бойынша Нұржан Нұрланов күдікті ретінде танылмады. Сондықтан ол тұтқынға алынған жоқ.

Бұған дейін, Нұрлан Нығматулиннің үлкен ұлы Нұржан Нұрлановтың үстінен рейдерлік шабуыл жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалған еді.

Ол кәсіпкер Қанат Әміркиннің"Алатаудорстрой" компаниясын тартып алған. Онымен қоймай қоқан-лоқы көрсетіп, қомақты ақша талап еткен деген ақпарат тараған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар