Абай Бегейдің жары қыздарының орамалға келуіне не түрткі болғанын айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Әнші Абай Бегейдің жары Фариза Жұмановаға желі қолданушылары "Сымбаттың орамалға келуіне сен себепші болдың ба? Неге?" деген сұрағына былай деп жауап берді:
"Осы уақытқа дейін Еркеге болсын, Симбиға болсын, Аминокка болсын "намаз оқы, орамал тақ" деп мен де, әкелері де айтып көрген емеспіз. Аллаға шүкір, өз еркілерімен намаз оқып, орамал тақты. Сол үшін қатты қуанамын. Кез келген ата-ана тек үлгі. Сөзбен баланы тәрбиелей алмайсың. Біз тек айна, бізден не көреді, не сезеді, соны бала қайталады. Бойына соны сіңіреді. Сол себепті, тәрбиені өзімізден бастауымыз керек", - деп жазды Абай Бегейдің жары.