Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өзін Голливуд актері Киану Ривз деп таныстырған адам қостанайлық зейнеткерді 6 ай алдаған

19:00, 09 сәуір 2025 434

Алты ай бойы Киану Ривзпен сөйлесіп жүргеніне сенген қостанайлық кейуана сан соғып қала жаздады, деп жазады Alash.KZ.

Қостанайлық 62 жастағы кейуана алты ай бойы өзін Голливудтың әйгілі актері Киану Ривз деп таныстырған TikTok желісінің қолданушысымен хат алмасқан.

Кейуананың айтуынша, өзін Киану Ривз екеніне сендірген азамат өмірлік қиын жағдайға тап болғанын түсіндіріп, көмек сұрап, оған 400 АҚШ долларын аударуды өтінген. Кейуана ақшаны шотқа қалай аудару керегін білмегендіктен, банкке баруды шешкен.

Банк қызметкерлері жағдай күдік тудыратынын байқаған. Ол ақша аударғысы келген шот белгісіз ойын компаниясына тиесілі болды. Банк қызметкерлері дереу полицияға хабарлады. Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кейуананы ақша аудармауға көндірді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар