Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қалтасына қарамаймын": Әбиба Әбужақынова болашақ жары қандай болуы керегін айтты

10:30, 24 қараша 2024 49

Дзюдодан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Әбиба Әбужақынова журналист Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында өзінің болашақ жары қандай болуы керектігін айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"Жігіттің жауапкершілігіне мән беремін. Ақылды, жауапкершілігі мол, өз сөзінде тұратын адам болуы керек. Жігіттің қалтасына қарамаймын. Маған оның байлығы аса қызық емес. Мейірімді, ашық, еріншек емес адамға ғана қараймын. Қалтасы қалың, кімнің баласы болсын, ақшасы көп болсын, астында көлігі болсын дегенге қарамаймын. Ата-анам да "өзіне ұнайтын адамға ғана тұрмысқа шық" деп қолдап, "қашан күйеуге тиесің" деп асықтырмайды", - деді Әбиба Әбужақынова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар