Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қарулы күштерден 17 065 әскери қызметші босатылды". Қазақстан әскерінің жалақысы аз

08:49, 31 қаңтар 2024 201
Егемендіктен кейін Қазақстан әскерінің әлеуметтік жағдайы нашарлап кеткен. Соңғы 3 жылда 17 мыңнан аса әскери қызметкер жұмыстан кеткен. Оның 4 мыңнан астамы офицер. Бұл туралы Мәжілісте қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов айтты.

Оның айтуынша, 2012 жылы заңмен әскерилерге берілген көп артықшылық, жеңілдік пен төлем жойылған. Бұл әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне де әсер етіп, олардың мәртебесін айтарлықтай нашарлатқан. Әскери қызметшілердің әскерде тұрақтамауы қорғаныс министрлігінің ерекше алаңдаушылығын туғызып отыр.

Мысалы, бұған дейін полигондағы жаттығуларға, іссапарға күнделікті үстемеақысының 60% мөлшерінде қосымша қаражат қарастырылған. Сонымен бірге, бірінші келісімшартты жасау кезінде біржолғы ақшалай сыйақы да болған. Бірақ қазір ондай ынталандыру қаражаттары төленбейтін болған. Сонымен бірге зейнетке шығу жасы да ұзарып кеткен.
«Тек 2020-2023 жылдар аралығында Қарулы күштерден 17 065 әскери қызметші босатылды, оның ішінде 4301-і офицер және келісімшарт бойынша 12 764 әскери қызметші. Салыстыру үшін айтар болсақ, бұл шамамен 15 механикаландырылған бригаданың саны», - дейді Сұлтан Камалетдинов.

Бұрын Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің балама лауазымдағы қызметкерлері бірдей жалақы алыпты. Ал қазір олай емес көрінеді. Мұндай жалақы жастарды әскери қызмет атқаруға ынталандырмайды. Тіпті соғыс уақытында да жағдайды қиындатуы мүмкін екенін атап өтті.

Қорғаныс министрлігінде қатардағы атқыштың жалақысы 89 211 теңге болса, ұлттық қауіпсіздік комитетінде 185 855 теңге. Қорғаныс министрлігінде взвод командирі – 231 159 теңге алса,ұлттық қауіпсіздік комитетіне – 335 857 теңге жалақы алады. Қорғаныс министрлігінде рота командиріне 275 675 теңге, Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі шекара департаментінің бастығына 371 637 теңге жалақы төленеді.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар