Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы жағдай: Теракттан 17 полиция қызметкері қаза тапты

10:44, 25 маусым 2024 482

Дағыстандағы террорлық акт тіркеліп, 17 полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Терактті ұйымдастырған 6 содыр-азаматтың көзі бірден жойылды. Оның ішінде Дағыстанның Сергокалин ауданының басшысы Магомед Омаровтың екі ұлы да бар. Сонымен қатар лаңкестердің қатарында еркін күрестен спорт шебері атанған Гаджимурад Кагиров болуы мүмкін. Республикада жедел штаб құрылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

Сергей Меликов, Дағыстан республикасының басшысы:

Қаза болғандардың ішінде бейбіт тұрғындар да бар. Республикадағы жағдайды мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары қатаң бақылауда ұстайды. Террорлық актіге қатысқандардың барлығы анықталады. Қайтыс болған азаматтардың отбасыларына ақшалай көмек көрсетіледі.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар