Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандықтардың орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

08:52, 17 мамыр 2022 220




Қазақстанда 2022 жылдың сәуір айында республикалық бюджеттен базалық зейнетақыны төлеуге 71,3 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға 163,1 млрд теңге бөлінді.







Қаңтар-сәуір айларында қазақстандықтарға жалпы сомасы 939,3 млрд теңгеден астам зейнетақы төленді.







«2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда) 105 193 теңгені құрады» делінген хабарламада.





2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 245 мыңнан астам адамға жетті.





Еске салсақ, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріле отырып, жеке тағайындалады. Бұл ретте зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақтастық жүйесінде жұмыс істеген еңбек өтілі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген кезеңдер кіреді.








Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар