Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қорғас ісі" қайта қозғалды. Қожамжаров қайда жүр?

09:25, 09 қаңтар 2024 297


Қорғас кеденіндегі былық-шылықтың шуы қайтадан екпін алған сияқты. ҚазТАГ ақпарат көзінің дерегіне қарағанда, экс-сенатор әрі экс-бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың қарамағында қызмет еткен тағы бір күдікті ұсталған.

«8 қаңтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қалалық департаментінің бұрынғы қызметкері Кенжебай Жұмабеков ұсталды. Ол «Қорғас ісі» бойынша қатысушы әрі орындаушы болған», – деп хабарлаған ақпарат көзі.



Ақпарат жеткізушінің дерегінше, Жұмабеков – қаржы полициясының бұрынғы агенті, қазір Қаңтар ісі бойынша тергеліп жатқан Талғат Махатовтың («Бетон») жақын досы.


Өткен жылдың соңында қаржы полициясының тағы бір бұрынғы қызметкері Ұлан Мәдиев ұсталған болатын. Оның аты-жөні «Қорғас ісі» бойынша күдікті деп танылған қыздардың зорлануына байланысты айтылады.

«Сондай-ақ бұл істе Ұ.Мәдиевтен бөлек, қаржы полициясының бұрынғы шендісі әрі Қожамжаровтың «серігі» Талғат Татубаевтың және қаржы полициясының Алматы облысы бойынша департаментінің бұрынғы бастығы Сергей Потаниннің аты-жөндері бар. Мәдиев, Татубаев, Дүйсеновтер Қорғастағы контрабандадан пайда көргендер ретінде аталса, ал Қожамжаров бұл қылмыстық жүйедегі ең басты пайда көруші ретінде аталған», – деп жазды ҚазТАГ.

Бұрынырақта Наурызбай ауданының бұрынғы прокуроры Виктор Тихонов «Қорғас ісі» бойынша негізгі куәгердің атышулы өліміне Қожамжаровтың адамдарының қатысы болуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Бұдан бірнеше жыл бұрын елді дүрліктірген «Қорғас ісі» қайтадан екпін ала бастағандай. Және де бұл істің түйіні Қожамжаровқа жақындап қалғандай көрінеді...

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар