Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қуаныш Айтаханов, қоғам қайраткері: Екі ел жұрты әуелден достастық орнатқан

14:59, 06 қазан 2022 218

– Көршіміз Ресей мемлекетімен шектескен шекарамыз 7,5 мың шақырымнан асып жатыр.Дүниедегі ең ұзын шекараның бірі. Қазақстанәлеуметтік, қоғамдық, экономикалық жағынан да солтүстіктегі көршімізбен одақтас екенімізді ұмытпауымыз тиіс. Сондықтан, екі ел арасындағы миграциялық қозғалыстарға шектеу қойылмайды. Бекітілген, ратификациядан өткен құжат негізінде қарым-қатынастарымыз заңды саналады. Реттелген жүйені аяқ асты бұза алмаймыз.


Қазір ресейліктердің мойнына жүк түсіп, көптеген ауыртпалық көріп отыр. Амалсыздан елімізге келіп жатқандары жетерлік. Оларға қамқорлық көрсетіп, көмек еткеніміз жөн деп білемін. Реті келсе, бірлесіп кәсіпорындар құрып, білікті мамандарын пайдаланғанымыз абзал. Әйтпесе, босқын қылып санаудың жөні жоқ, азамат ретінде ресейліктер елімізде уақытша жүріп-тұраалады, толық мүмкіндігі бар. Тек жеке басын куәландырса, болғаны. Ол үшін шекарашыларымыз өткен-кеткен әр адамды терең зерттеуі қажет. Достастық орнатқан елдің жұртын кері тебе алмаймыз. Біздің де талай азаматтар бұған дейінРесейге барып, түрлі жерде жұмыс істеді. Олардың да арасында қонақжайлық көрсеткендері бар болды. Халқымыз тату-тәтті, ынтымаққа бейім ел екенін іспен көрсетуіміз керек. Ал арандатушыларға келгенде, әңгіме мүлде басқа. Мейлі, ұлтына, түріне қарамастан кей адамдар жамандыққа ниет қылып, арандатуға тырысса, жазалап, шеттеткен жөн. Ең бастысы, ауызбіршілігіміз жарасқан, қонақжай халық екенімізді ашық көрсетіп, сабыр мен ақылды ұштастыра білгеніміз құптарлық.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар