Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресей әскері Киевке баллистикалық зымырандармен соққы берді (видео)

19:32, 28 ақпан 2022 214

Припятьтағы Украина-Ресей келіссөздерінен кейін көп ұзамай Ресей әскері Киевке «Искандер» баллистикалық зымыранымен шабуыл жасады.

Бұл туралы Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко хабарлады.

«Путиндік режимнің тағы бір қылмысы. Искандер баллистикалық зымыранының Киевке шабуылы. Нақты орны мен құрбандары анықталып жатыр» деп жазды ол.

Осыдан бірнеше минут бұрын Геращенко Припятьтегі келіссөзде Украина ресейліктерге Украинаның барлық аумағынан әскерлерін толықтай шығаруды қамтитын қатаң шарттарды қойғанын жазған.

«Келесі келіссөздер алдында Киев пен Мариупольді қоршауға алу арқылы Ресей жағдайын жақсартқысы келеді. Бұл Ресейдің соңғы әрекеті болады. Оған біздің әскер дайын. Алда шешуші шайқас күтіп тұр» деді Геращенко.

Еске салсақ, Ресей президенті Владимир Путин Донбас республикалары басшыларының үндеуіне жауап ретінде арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдап, Украинаға қарсы соғыс жариялады. Ресей басшысы Мәскеудің жоспарында Украина аумақтарын басып алу жоқ екенін баса айтты.



Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар