Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сарыағашта дәретханадан табылған 3 жастағы қыздың өліміне қатысты күдікті анықталды

13:44, 17 тамыз 2024 188

Бұл туралы КТК телеарнасының бағдарлама жүргізушісі Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде айтты, деп хабарлады Alash.KZ.

«Сұмдық және суыт хабар жетті! Бұған дейін Сарыағашта 3 жастағы Асылымның үш күн бойы табылмай жатқанын және кейін денесі көршісінің дәретханасынан табылғаны туралы жазған едім. Бәріміз сонда шулап едік қой. Ол кезде Сарыағаш аудандық полициясы оқиға адам қолынан болмаған, баланың өзі құлап кеткен дегендей айтқан болатын. Өкінішке қарай, олай емес екен. Қылмысты басқа-басқа емес дәл сол үйге қарама-қарсы тұратын көршісінің 16 жастағы қызы әдейі жасағаны белгілі болды. Іс сотқа кетті. Небәрі 16 жастағы қыз 3 жастағы кішкентай қызды буындырып, тұншықтырып, дәретханаға тастап жіберген. Экспертиза басынан соққы болды деген, бірақ оны құлаған кезде зақымданған деген шешім шығарған болатын. Олай емес екен», - деді Гүлмира Әбіқай.

Күдікті 5 жастағы Нұрай есімді қыз баланың арқасында анықталған. Өйткені Асылымды өлтірді деген күдікті Нұрайды да дәретхана тесігіне салатынын және өлтіретінін айтып қорқытқан. Абырой болғанда, оны басқа бала байқап қалып, аман алып қалған деп жазды turkystan.kz.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар