Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шығыс Қазақстанды екіге бөліп алу туралы айтқан тұрғындар сотталды

15:35, 11 маусым 2024 423

Өскемен қаласының№2 қалалық соты Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғынына интернеттегі сепаратистік мәлімдемелері үшін үкім шығарды. Бұл туралы аймақтың прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлады Alash.kz ұлттық порталы Mezgil.kz порталына сілтеп.

«Ақпан айында Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны чат-рулетка желісінде ШҚО-ны бөліп алу мақсатында референдум өткізу керектігін айтқан. Референдумда оң нәтижеге қол жеткізбесе, аймақты күшпен басып алу керектігін айтқан», - делінген іс материалында.

Айыпталушылар іс барысында өздерінің айыптарын толық мойындап, өкінетінін айтқан. Сот айыптаушы тараптың позициясын қолдап, екі айыпталушыны 5 жыл бас бостандығынан айырды.

«Мемлекеттің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің жіті бақылауында», - дейді прокуратура қызметі.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар