Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Аузы нәжіске толы: Қатігез ана 1,5 жастағы қызын үйде 10 күнге жалғыз тастап, өзі сүйіктісімен шетелге кеткен

20:12, 06 маусым 2024 1096
АҚШ-тың Огайо штатында орналасқан Кливленд қаласында безбүйрек ана 1,5 жастағы қыз баласын 10 күнге үйде жалғыз тастап, демалуға кеткен. Бұл туралы Basty_juz инстаграм парақшасы жариялады.
 
Джейлиннің қатты жылаған даусы көбінесе түнгі 01:00 шамасында естілді. Бала қанша анасын шақырғанымен ешкім келмеді. Ал оның анасы 10 күндік жазғы демалысқа кетіп, Джейлинді төсекте бірнеше бөтелке сүтімен ғана қалдырған.

Канделарио келгеннен кейін 911 құтқарушыларына хабарласып, қызының өліп бара жатқанын айтады. Олар келгенше нәжіске толып кеткен жөргегін ауыстырып, таза киім кигізіп қойған. Бірақ киімін ауыстыру қыздың қандай сұмдықты бастан кешіргенін жасыра алмады.

Оның үстіне анасы айтқан түсініктемесінен шатасып, өтірігі шығып қала берді. Кейін бейнебақылау камераларынан Канделарионың 6 маусым күні чемоданын сүйреп, үйден шыққаны, сосын 16 маусым күні қайтып оралғаны белгілі болды.
Канделарио Пуэрто-Рикоға жігітімен демалуға кеткен деседі. Сөйтіп 10 күннен соң үйіне қайтып, Джейлиннің денесін ғана тапты. Сот патологоанаты оның бірнеше сағаттар емес, күндер емес, тіпті 1 аптаға дейін қиналған болуы мүмкін екенін айтты.

Қыз шаршап, көздері төмен түсіп, еріндері құрғаған, аузында және тырнақтарының астында нәжіс болған. Тергеушінің айтуынша, оның салмағы екі ай бұрын дәрігерге соңғы барған кездегіден жеті фунтқа (3,18 кг) аз болған.

Жуықта безбүйрек шешені сот өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Ал істі тергеген тергеушілер мансабында көрген ең қатігез қылмыс екенін айтты.

Айта кетейік, Канделарионың осыған дейін де баласын 2 күнге жалғыз қалдырғаны белгілі болды.20:04
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар