Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл: Бурабайда демалып жатқан 14 бала тамақтан уланды

17:21, 22 маусым 2024 456

Бурабай ауданына демалуға келген 14 бала улану белгілерімен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Авиценна — Бурабай» ЖШС директоры Евгений Бекаевтың мәліметінше, 22 маусым күні сағат 01.00-ден таңғы 06.15-ке дейін 8-17 жас аралығындағы 14 бала аурухананың қабылдау бөлмесіне жүгінген. 

Олардың бәрі «Тұмар Халал» қонақ үйінде тұрған.

— Балаларға жүргізілген сауалнама барысында олардың барлығы 20 маусымда келгені және 22 маусымда кететіні анықталды. Сапардың мақсаты — жеке демалыс. 21 маусым күні таңғы ас ішкеннен кейін (барлық балалар әртүрлі тамақ жеген: қуырылған ет пен картоп, борщ, сырник және т. б.) улану белгілері пайда болған, бірақ балалар кешке қарай ғана медициналық көмекке жүгіне бастаған. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін екі-үш баладан біртіндеп ауруханаға түсе бастады, — деп түсіндірді Евгений Бекаев. 

Балаларға дереу медициналық көмек көрсетілді.

12 баланың асқазанын жуып, үш балаға инфузиялық терапия жасалды.

Бүкіл 14 баладан сынама алынды. Сондай-ақ, құсуға қарсы инъекция мен антиспазмодик  берілді.

— Балалардың көбі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін бірден кетсе, қалғаны дәрігерлердің бақылауынан кейін ауруханадан шықты, — деп толықтырды бас дәрігер. 

Дәрігерлер улану дерегі бойынша шұғыл хабарламаны Бурабай ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолдады. 

Ендігі кезекте санитарлық дәрігерлер тексеруі керек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар