Ғабит Сыздықбеков «Ордабасы» клубын сынға алды, деп хабарлайды Alash.kz.
Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков «Ордабасы» футбол клубын «батпаққа батқан» команда деп атады. Оның айтуынша, ойыншылардың орташа жалақысы – 15 миллион теңгені құрайды.
«Ойыншылармен келісімшарттар екі жылға жасалған және олар УЕФА-да тіркелген. Егер біз бұл келісімді бұзсақ, толық көлемде өтемақы төлеуге мәжбүр боламыз. Асхат Тағыбергеннің ойнауға жағдайы жоқ, бірақ кеткісі де келмейді, тек жалақысын алып отыр. Ашық айтайын, оның айлығы – 20 миллион теңге. Бұл жағдайда мен ештеңе істей алмаймын», – деді әкім.
Бұған дейін Ғабит Сыздықбеков Шымкент әкімдігіне Мәжіліс депутаты, Respublica партиясының өкілі Руслан Берденовты орынбасар ретінде шақырғаны хабарланған еді.
Берденов: «Шымкентте сыбайлас жемқорлық жоқ», – деп мақтанышпен мәлімдеген еді.