Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Солтүстік Корея президенті су тасқынының алдын алмаған 30-ға жуық шенеунікті өлім жазасына кесті

14:55, 05 қыркүйек 2024 938

Солтүстік Кореяда шілде айының соңында болған жойқын су тасқынының салдарына кінәлі 30-ға жуық шенеунік өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл туралы TV Chosun телеарнасы мәлімдеді. 

Yonhap агенттігі еске салғандай, Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын шілде айының соңында Чагандо және Пхёнан-Пукто провинцияларында нөсер жаңбырдың келтірген зияны үшін шенеуніктерді жазалайтынын мәлімдеген болатын.

Оңтүстік Кореялық БАҚ-тардың мәліметінше, КХДР-дегі су тасқыны салдарынан қаза тапқандар немесе хабар-ошарсыз кеткендердің саны 1 мыңнан асуы мүмкін. Ким Чен Ын бұл деректерді «жасандылық» деп атап, Оңтүстік Кореяның бұқаралық ақпарат құралдарын «қоқыс» деп атады.

Солтүстік Корея билігі нөсер жаңбыр мен су тасқынынан зардап шеккен 15 мыңнан астам адамды ел астанасы Пхеньянға эвакуациялауға мәжбүр болған, деп хабарлады Солтүстік Кореяның ЦТАК агенттігі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар