Әнші Заттыбек Көпбосынұлы той бизнесінде жүрген әріптестері жайлы ой бөлісті, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Massaget.kz порталына сілтеп.
Әнші эстрада жұлдыздарының күні тойға қарап қалмағанын, тойсыз-ақ күн көретінін алға тартты. Айтуынша, әншілерге пандемия тойсыз өмір сүруді үйретіп кетті.
"Кешегі пандемия көп нәрсені ашып берді. Әншілердің өзінде әртүрлі саланы игеріп кеткендер болды. Олардың арасында сол салаға түгелімен кетіп жатқандар да болды. Ризықты беруші - Алла. Біз оны бекер уайымдаймыз. Той болса да, болмаса да әншілер аш қалмайды. Оны коронавирустың кезінде, ешқандай той жоқ кезде көріп, түсіндік. Бәлкім, көбіне қиынға соққан болар, бірақ үйреніп кеттік", - деді ол.