Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоқаев тағы бір шенеунікті қызметінен босатты

15:31, 16 ақпан 2022 212

Қазақстан республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Нұргүл Мауберлинованы қызметінен босатты.

– Мемлекет басшысының қаулысымен Мауберлинова Нұргүл Өсербайқызы Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды, – деп жазылған хабарламада.

Мауберлинова Нұргүл аталған қызметте 2020 жылдың мамыр айынан бері отырған.



Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар