Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тосқауыл мен Бөгет батыр. Құлсарыда су екпіні еселенгенде егіздер дүниеге келді

11:22, 06 сәуір 2024 1098

Қызыл судан қағажу көріп жатқан Құлсары қаласында егіз дүниеге келді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Атырау облысы әкімдігінің мәліметіне сенсек,нәрестелердің анасы Құлсары қаласындағы Жылыой аудандық орталық аурухансында босанған.

Алайда нәрестелер қауіпсіздік мақсатында жедел жәрдем көлігімен Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілген.

«Қазір нәрестелердің жағдайы бірқалыпты. Егіз ұл — жас отбасының төртінші және бесінші баласы. Сәбилердің бойы — 52 см. Екеуінің салмағы бірдей емес. Біреуінің салмағы — 3500, екіншісінің салмағы — 3350 грамм» деп мәлім етті облыстық әкімдіктен.

Әлеуметтік желі қолданушылары егіз перзентке есім ұсына бастады. Бірі "Тоқтасын" болсын десе, біріне "Жалғас" есімін жөн деп тапқан. Ал көпшілік арасында егіздерді ырымдап "Тосқауыл мен Бөгет" деп атап жатқандар да бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар