Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Түтін бомбалары мен гранаталар...." Ақтөбе облысындағы тұрғынның үйінен 21 атыс қаруы табылды

09:51, 30 маусым 2024 363

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облысында қару-жарақ сақталған үйді анықтады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті жергілікті тұрғындардың бірінің үйін тінту кезінде 21 бірлік атыс қаруын, оның ішінде 2 Калашников автоматы, 8 тапанша, 11 мылтық, сондай-ақ жарық-шу гранатасын, түтін бомбаларын, рацияларды және түрлі калибрлі 581 оқ-дәріні тәркіледі.

Сонымен қатар ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті қару-жарақтың 2 жасырын орнын анықтады.

Гранатомет, Калашников автоматы, винтовка, 4 мылтық, 2 тапанша, түтін гранатасы және әртүрлі калибрлі 248 оқ-дәрі тәркіленді.

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар