Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Үйге келіп жылап көмек сұрады: Ерке Есмахан Баян Алагөзоваға не үшін барған?

11:50, 18 қараша 2024 690

Қазақстандық танымал продюсер Баян Алагөзова Ерке Есмаханның өзінен не үшін көмек сұрағаны белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. 

Продюсер Ерке Есмахан көп еңбек еткенімен, ұзақ уақыт жолы болмай жүргенін, тіпті оның үйіне келіп, жылап назын айтқан кездері де болғанын мәлімдеді. 

"Ерке Есмахан жұлдызды сәтін ұзақ күтті, көп еңбектенді. Екеуміз барымызды салдық. Бірақ сәті түспей жатты. Ол маған келіп, "Баян Мақсатқызы, сіз Жанарды, Мөлдірді, Кәмшатты жұлдыз еттіңіз. Неге менің бағым жанбай жатыр?" деп айтатын. Мен оған "Сенің уақытың келеді, күту керек, мойыма" дедім. Бұл сөздерімді өзі де растайды. Ол ерекше нәзік дауыс иесі. Мұндай дауыс тыңдарманға ұнамауы мүмкін емес. Ол үйіме келіп, жылап отыратын. "Не істейміз?" деп басымыз қатты. Бірнеше рет жолымыз болмады, соңында ол қыз эстраданы жарды. Ракета секілді ұшып кетті", – деді продюсер  Din Dina Show бағдарламасында. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар