Танымал журналист Серік-Абас шах қазақтың тойы туралы сыни пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Ресторандар мен кафелерді жауып тастаса да, көңілім баяғыдай. Тойдан күнін көріп жүргендер “қазақтың тойы бітпесін” деп тілейді.
Бос мақтан, құр шығын, ысырап пен кедейшіліктен арылтпайтын, өмір бойы кредиттен көз ашпайтын қазақтың арсыз тойлары бітсін!
Өтірік күліп, іштей жаратпай, көпшілігі амалдың жоғынан баратын тойлардың болғанынан болмағаны жақсы.
Өтірік, ойдан құрастырған дәстүрмен қып-қызыл шығынға ұшырататын небір “тоғыздарды”, құйтырқы шоуларды ойлап тауып жатқан, аузына не келсе соны айтатын асабасы бар тойбизнес тоқтаса тоқтап қалсын!
Мені құр мал шашпақ, мәнсіз, айғай-шу тойларыңа шақырмай-ақ қойыңдар, қазақтар!
Болып жатса (қуаныш), отбасылық қызықшылығымды өз шаңырағымда тек жақындарымның ортасында ғана тойлатамын, бұйырса.
Дарақылық тоқтасын!
Әр қазақ ойланатын мәселе!, деп жазды ол.