Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Украина ешқайда шегінбейді". Зеленский бразилиялық журналистерге сұхбат берді

21:07, 21 сәуір 2024 573

Әлем саясаты мың құбылып тұр. Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Президенті Владимир Путиннің “сенімсіз адам” екенін және украиндар Ресей Федерациясына берілмейтінін тағы қайталады.

Бұл туралы Зеленский бразилиялық журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.

“Маған сеніңіз, Путин бізден қатты қорқады, мен оған сенімдімін. Өйткені ол өзіне сенімсіз адам. Үлкен армиясы бар, үлкен мемлекеті бар сенімді адамдар әлемді ядролық қарумен қорқытпайды, ержүрек адамдар өркениетке, Жердің тіршілігіне, барша тіршілік иелеріне ядролық қарумен қауіп төндірмейді. Сондықтан мен үшін бұл "түрдің" психотипі анық. Осыны түсіне отырып, біз өз ұстанымымызға берік болуымыз керек”, – дейді ол.

Украина президенті өз елінің Еуропалық Одаққа кіру жоспарынан бас тартпайтынын атап өтті журналистер алдында. Бұған қоса, ол Украинаның шегінбейтінін де жеткізді.

“Путин үшін – жеңіс басқа халықтар мен басқа да тәуелсіз елдерді жою арқылы Кеңес Одағын қалпына келтіру деген сөз. Сондықтан Украина ешқайда шегінбейді. Көрейік, бізде тиісті технологиялар бар, біз серіктестерден жеткізілім болуы үшін күресіп жатырмыз. Барлығы оңай емес, эйфория жоқ. Бірақ ешкім қол қусырып отырмайды”, – дейді Зеленский.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар