Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Үй кезегінде 21 мың адам тұрсада шенеунік пәтерді әйеліне сыйлаған

13:15, 30 шілде 2024 365

Оралда мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер беру мәселесі бойынша дау шықты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы “Орал апталығына” сілтеме жасап.

2023 жылдың 13 шілдесінде Альмира Қарасаеваның Строитель микроауданындағы 39/3 мекенжайында орналасқан бір бөлмелі пәтерді алу жайлы өтініші 6 күнде қаралды. 

Ол әділет басқармасының қызметкері, әрі сол уақытта ТКШ секторын басқарған Алихан Мыңжасаровпен ерлі-зайыпты екені анықталды.

Әдетте үй алу үшін азаматтар бірнеше ай бойы жүреді. Ресми мәліметтерге сәйкес, қазір Оралда тұрғын үй кезегінде 21 мыңнан астам адам тұр. Соның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен адамдар, көпбалалы отбасылар мен балалар үйі тәрбиеленушілері де бар.

Ал Альмира Қарасаеваның өтініші 6 күнде – 2023 жылдың 19 шілдесінде қаралды. Өтінішке сол кездегі ТКШ бөлімінің жетекшісі Азамат Халелов қол қойды.

Ал келісімді Әкімнің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев бекітті. Ал өтінішті орындаушы сол уақытта ТКШ секторын басқарып отырған Алихан Мыңжасаров болған, ол Альмира Қарасаеваның заңды жұбайы еді.

Ол өтінішке өзінің жұбайы жайлы ақпарат қоспапты.

Альмира Қарасаева қазіргі уақытта Алихан Мыңжасаровпен ажырасқанын хабарлады.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар