Оның айтуынша, облыс аумағында жылыту маусымына дайындық аясында 1943 шақырым инженерлік желілерге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған. Бүгінгі таңда оның жартысынан астамы жөнделген. Атап айтқанда, электрмен жабдықтау бойынша: 16 қосалқы станса, 976 шақырым электр желілері, 78 кешенді трансформаторлық станса жөндеуден өткізілген.
-Жылумен жабдықтау бойынша: 5,5 шақырым жылу желілері жөнделді. Сондай – ақ, инвестициялық бағдарламамен 3,1 шақырым сумен жабдықтау және суды әкету желілері, «Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамның негізі жабдықтары 80% - ға жөнделді (№9, №2 қазандық агрегаттары – 100% жөнделді, №4 қазандық агрегаты – 40%, қыркүйек айында, турбоагрегат №3 – 80%, тамыз айының соңына дейін жөнделеді). «Орал газотурбинді электростанциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің негізі жабдықтары 40% - ға жөнделді. «Батыс Пауэр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жөндеу жұмыстарын қазан айына жоспарлап отыр, - деді Қ.Өмірәлиев.
Ағымдағы жылы №2, №3 және №21 кәріздік-сорғы стансаларын қайта құруға, сондай-ақ Орал қаласының жерасты су қойнауында су ұңғымаларын бұрғылауға 2,8 млрд. теңге бөлінген. Бұдан басқа, жылу электр орталығы су жинағышының 3,15 кВ тарату құрылғыларын қайта жаңарту, Зашаған кентіндегі Ғалымдар ауылы көшесіне жаңа қазандық салу, Орал қаласы жылу электр орталығының турбоагрегатын қайта құру жобалары іске асырылуда. Жұмыс жыл соңына дейін аяқталмақ.
Батыс Қазақстан облысының кешенді даму жоспары аясында 3 жыл ішінде жалпы сомасы шамамен 20 млрд. теңгеге 2019,5 шақырым электр желілері мен жабдықтарды (0,4-110 кВ қалалық және ауданаралық электр желілері) қайта құру жоспарланған, 12 жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда (2023 ж. – 6 млрд. теңге; 2024 – 7 млрд. теңге; 2025 – 7 млрд. теңге). Бұл шаралар тозудың көрсеткішін 62%-ға дейін төмендетеді. 2023 жылы республикалық бюджеттен Ақжайық, Бәйтерек, Тасқала аудандары және Орал қаласының аумағында ӘЖ-110 кВ желілерін қайта құрылымдау жобасын іске асыруға 1,9 млрд. теңге бөлінді. Жұмыс басталды.
-Әлеуметтік және көп пәтерлі тұрғын үйлердің дайындығына келетін болсам, 373 денсаулық сақтау нысанының 342 – сі немесе 92% дайын, 538 білім беру нысанының 509 – ы немесе 95% дайын, 401 мәдениет нысанының 381 –і немесе 95% дайын, 2041 көп пәтерлі тұрғын үйдің 1527 – сі немесе 75% дайын. Спорт және жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік бағдарламалар нысандары жылыту маусымына 100% дайын. Жылыту маусымына дайындық жұмыстарын 2023 жылдың 1 қазанына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, - басқарма басшысы.