Екібастұз электр станциясын жаңғыртуға бөлінген 1 млрд теңге жымқырылған.
«Расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 млрд теңгені құрады», - делінген прокуратура хабарламасында.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы (аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмыстың барлық мән-жайларын, залалдың түпкілікті сомасын және оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.