Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жолдаудан көңілге түйгендер

07:48, 10 қыркүйек 2022 199

Ел Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгінгі Қазақстан халқына жолдауы ел көңіліне қонымды әрі жағымды жаңалықтарға толы болды. Соның ішіндегі ең ерекше реформаларының бірі − ұлттық қордан өскелең ұрпаққа кәмелет жасына толғанға дейін бөлінетін қаржылық үлесі жайында.
«Ең бірінші, ұлттық қордың пайдасының 50 пайызын 18-жасқа толғанға дейін әрбір қазақстандық азаматтың жеке дербес шотына аударам деуі - оларды болашақта біздің балаларымыздың білім саласына, баспана алу саласына жұмсау мүмкіндігі дегенді білдіреді. Бұл енді Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері көтеріліп келе жатқан мәселе десем болады. Араб елінің мысалында бәріміз осыны айтып та жүрдік, бізде осы қалай болады екен деп. Кішкентай баланың анасы ретінде балабақша мәселесін көтергені де ұнады. Барлығына енді біздің үкіметіміз кешенді түрде, жылдам, нақты нәтиже беретін іс-қимылдарды әзірлеп, ұсына алады деп сенемін», - дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Меңдігүл Ноғайбаева.
Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының маманы Гүлден Жашаралина Президенттің жақында халыққа жолдаған Жолдауына қатысты пікір білдірді.
«Университеттің оқытушыларын және де мемлекеттік мекемелерді жұмыс жасайтын педагогтардың бес жыл сайын ғана емес, үш жыл сайын аккредитатциялау, яғни біліктілігін арттырып отыруын жаңарту керектігін де атап көрсеткен болатын. Бұл дегеніміз мемлекеттегі жастарға мұғалімдердің жаңа білімді әр жыл сайын жаңа түрде, жаңа формада беруін қамтамасыз етіп отырудың анық көрсеткіші деп айтсақ болады», - дейді ол.
Гүлден Жашаралина Жолдауда айтылған міндеттердің бәрі ел болашағына жол ашады деген сенімде.
«Сонымен қатар балабақшаны да аккредитатциялау мәселесіне келіп тоқтаталатын болсақ, тек қана балабақшаны ғана емес, соның ішінде тәрбиешіні жекелей түрде аккредитатциялау мәселесіне анық түрде тоқталған болатын. Президентіміздің бүгінгі жолдауында көрсеткен, атап айтқан нақты жолдамаларының барлығы алдағы таңда біздің мемлекетіміздің жоғары деңгейде өсіп, жарқын болашаққа жол ашатынына сенімім мол», - дейді Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының маманы Гүлден Жашаралина.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар