Алматыда жол ережесін бұзып, 7 миллион айыппұл жинаған 19 жастағы жүргізуші ұсталды, деп жазады Alash.KZ.
195 рет жол ережесін бұзған жүргізушіні тәртіп сақшылары қаланың Медеу ауданындағы Достық даңғылы бойында ұстады.
Қазіргі уақытта ол әкімшілік қамаққа алынып, көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылған.
Жүргізуші барлық айыппұлын толығымен төлеуге міндетті болады.