Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

5499 тас - алматылық тұрғынның өт қабына ота жасалды

14:29, 18 сәуір 2025 281

Алматылық дәрігерлер науқастың өт қабынан 5 мыңнан Астам тас алып шықты. 40 жастағы азаматқа шұғыл түрде ота жасалған, деп жазады Alash.KZ.

"20 жылдық тәжірибемде мұндай жағдайды алғаш рет көріп тұрмын. Өт қабы толып қалған. Тура бір ет салынған бұрышқа ұқсайды. Мұндай жағдай өмірде бір рет қана кездесетін шығар", – деді хирургия бойынша бас дәрігердің орынбасары Фараби Стамқұлов.

Операция сәтті өтті. Науқастың жағдайы қалыпқа келіп, көп ұзамай ауруханадан шығарылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар