Түркістан облысында 17 жыл бойы құлдықта болған Назгүл мен Құндызға сыйланған баспана өзге адамға сатылып кеткен, деп хабарлайды Alash.KZ сайты Malim.kz порталына сілтеп.
2023 жылдың қыркүйек айында Ілияс Сәриев есімді блогер жігіт апалы-сіңілі қыздарға баспана кілтін табыстаған.
Журналист Руслан Өтепбай үйдің құрылысы қашан бітетінін білу үшін Алматы облысы Қарасай ауданы Кемертоған ауылына барып қайтқан.
Аталған жердегі құрылысшылар үйді Марсбек деген кісіге сатылғанын және жөндеу біткен соң қонақүй болатынын айтқан. Кейні Руслан Өтепбай Krisha.kz сайтында Құндыз бен Назгүлге берілу тиіс баспана 45 млн теңгеге сатылымға шығарылғанын анықтады.
2022 жылдың жаз айында Ілияс Сариев «Елге көмек» қайырымдылық қорының атынан Алматы облысы, Қарасай ауданы, Кемертоған ауылынан 10 мұқтаж жанға тегін баспана береміз деп, елден садақа жинаған.
Кімнің есепшотына десеңіздер, айтайын. Әлгі ММ ТРАВЕЛДІҢ ИЕСІ Ақтоты Болатқызының қалтасы майланған. «Елдің үйі» деген тамаша атты иеленген баспанаға секунд сайын қалың қазақ қомақты сомма салған», - деп жазды Руслан Өтепбай.