Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

1-ші қыркүйек күні Әнұранға құрметсіздік көрсеткен орыс сыныбының ата-аналары халықтың ашуына тиді

18:27, 04 қыркүйек 2024 2783

Әлеуметтік желіде 1-ші қыркүйек күні мектеп алдында жиналған ата-аналардың әнұранға құрметсіздік көрсеткен видеосы талқыға түсті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Мұхтар Әуезов атындағы институттың бас ғылыми қызметкері Нұрдаулет Ақыш өз facebook парақшасында орыс сыныбының ата-аналары әнұран кезінде тыныштық сақтамай, әдепсіздік танытқаны туралы ақпарат таратты. 

Видео астындағы пікірге оқырмандар өз ашу-реніштерін жазысты. 

“Отаншылдық сезім жоқ, қуыс кеуде пенделер ғой!”, “Биалаш Балтиевна Суинкина қуыс кеуде емес!.. Қандары қазаққа қарайып кеткен қаскөй, жауыз, жалған жәдігөй дұшпандар!!!”, “Шындық осы! Қазақстанда тұратын орыстар мемлекеттік мерекелерді де тек демалыс деп қана қабылдайды. Олардың көкейінде Ресей гимні, Путин. Заңымыз солқылдақ, өзіміз жарамсақ, шүлдірлеп орысша сөйлеуді мақтан көреміз. Олар іштегі жау ғой, басына іс түссе кепкасын айналдырып кие салады. Өзімізде де намыс, патриотизм жоқ... Кімге өкпелейміз?”,” деп жазды оқырмандар. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар