Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

12 жастағы туысын зорлаған жауызға жаза шықты

18:30, 26 наурыз 2025 2146

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 12 жастағы қызды зорлаған жасөспірімге үкім шығарды, деп хабарлайды Alash.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Колледж студентіне 12 жастағы қызды зорлады деген айып тағылды. Сот отырысы жабық режимде өтті. 

“М. 120-баптың 4-бөлігі (Кәмелетке толмағанды ​​зорлау) және 121-бабының 4-бөлігімен (Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылсын”, – делінген үкімде.

Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Сот студенттің кәмелетке толмағанын және оның екінші топтағы мүгедек екенін ескеріп, мұны жеңілдететін мән-жай ретінде таныды.

Үкім жарияланғаннан кейін Павлодар облысының балалар құқықтары жөніндегі облыстық омбудсмені Сәуле Шәкенева сотталушының кәмелетке толмаған туыс қызды зорлағанын еске салды. 

“Бұл адам үйге келіп -кіріп жүрген. Өкінішке қарай, сексуалдық сипаттағы қылмыстарды көбінесе жақын туыстар, не үйге келіп-кетіп жүрген адамдар жасайды. Бұл даулы іс аталмыш статистиканы растайды. Сотталушы жәбірленушінің отбасына жақын туыс болып келеді. Біз сот үкімін дерлік бір жыл күттік, үкімді бүгін жариялады. Дегенмен апелляцияға беру уақыты бар, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Мен бұл сот шешімін әділетті деп санаймын”, – дейді омбудсмен.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар