Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жасанды интеллект Ұлт мақтаныштарының бейнесін жаңартты (ВИДЕО)

20:39, 30 наурыз 2025 635

Қазақ жастары ұлт мақтаныштарының бейнесін жасанды интеллект көмегімен жаңғыртты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Әлеуметтік желіде тараған суреттерден Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы секілді қазақтың ұлы тұлғаларының жаңартылған бейнесін көруге болады. Жасанды интеллекттің көмегімен олардың келбеті шынайы әрі әсерлі етіп жасалған.

“Нейрожелілер не істемей жатыр?! Күні кеше ғана мүмкін емес болған дүниелер бүгін санаулы секундта жасалады. Дизайнерлер жұмыссыз қалады ма десем фотографтарға да нан жоқ сияқты.

Әрине, тұлғаларымыздың дәл образымен сәйкес келмесі анық, бірақ әдебиеттегі портреттерін негізге ала отырып жасалды. 

Нейрожелі инструменттері біздің дизайн курстарымыздың бағдарламасына қосылды. Себебі оны меңгермеу қате”,- деп жазды @kz_bake Instagram парақшасының авторы. 




Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар