Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жүрегі жұмсақ, үнемі күлімсіреп жүретін”. Жылыойда күйеуі бауыздап өлтірген келіншек жайлы әріптестері айтты

08:54, 30 наурыз 2025 2879

Жылыой аудандық орталық ауруханасының заңгер маманы Қайырбекова Мейрамгүл Абатқызы қайғылы жағдайда кенеттен дүниеден озды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

Ол еңбек жолын 2022 жылы Жылыой аудандық орталық ауруханасында заңгер мамандығымен жалғастырған. 1 қыздың анасы. Мейрамгүл Абатқызы қызметіне адал, өз ісінің маманы, біліктілігін арттыру курстарына қатысып, көптеген сертификаттарға қол жеткізген. 

«Ұжымдастарының алдында беделді, үлкенді құрметтей білген, жаны жайсаң, жүрегі жұмсақ, үнемі күлімсіреп жүретін жан еді. Өмірден өтсе де, оның жарқын бейнесі мәңгі есімізде қалады. 

Отбасына, анасы, бауырларына кайғысына ортақтасып көңіл айтамыз, иманы жолдас болсын! Қасиетті рамазан айында, Алла рахымына алсын, жаның жәннатта болсын!» – деп жазды әріптестері.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар