Қадыр түнінде мешіт алдында тамаққа бола талас-тартыс болды, деп хабарлайды Alash.kz порталы.
Астанадағы "Әзірет Сұлтан" мешітінің жанында бір мейрамхана тегін тамақ таратқан. Жиналған жұрт жапатармағай тегін таратылған ас-ауқатқа ұмтылып, қайырымдылық соңы тәртіпсіздікке ұласты.
Көп жастың тамақ алуға жанұшыра жүгіріп бара жатқанына қатысты бейнекадр әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды.
Акцияны ұйымдастырушылар бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ.
Бұған қатысты ел жағасын ұстап, құлшылық иелерінің әрекетін айыптап жатыр:
"Тәрбие сондай ғой! Ұят қой! Ылғи жастар", "Осылай жалғастыра беріңдер, тоқтамаңдар, өсесің қазақ! Білім алмаңдар , мешітті айналып жүре берсеңдер құдай береді тегін тамақ!", "Бұл аштық емес, бұл мәдениетсіздік" деп жазды оқырман.