Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ажалы келді, кетті. Ұлым қол тигізбеді”. 6-қабаттан құлап кеткен келіншектің енесі мәлімдеме жасады

18:37, 30 наурыз 2025 15702

Алматыда 6-қабаттан секіріп, қаза тапқан 19 жастағы келіншектің өлімі қоғамды дүр сілкіндірді. Оқиғаға қатысты марқұм Ажардың енесі “Астарлы ақиқат” бағдарламасына пікір білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

“Үйде төрт адам едік. Қазір балам қамауда, өзім ауырып жатырмын. Келінім байғұс жақсы еді. Мінезін енді айтпай-ақ қояйын. Мінез деген жастық шақта болады. Немеремді ана кісілер алып кетті. Енді маған не істемексіздер? Мен сіздерді түсінбеймін…

Менің ақиқатымды бір Құдай біледі. Мені ары қарай мазаламаңыз. Балам сол жақта отыр. Ажалы келді, кетті. Төбеде бір Құдай көріп тұр. Сараптама оның ешкімге қол тигізбегенін анықтап берді. Заң шешеді деп сеніп отырмын. Бір Құдайға тапсырдым.

Адвокат жалдаған жоқпын. Менің баратын шамам жоқ. Олар секілді мен екі жылдап фотоларды сақтап жүрген жоқпын. Ондай арам ойым болған жоқ. Құдайдың алдында ақпын. Баламның тілеуін тілеп жатамын. Болды”,- деді марқұм Ажардың енесі. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар