Кәсіпкер, блогер Дана Есеева сәлем салуға қатысты пікір білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Қонақ келген сайын сәлем салып жүресің. Келін болғалы неше жыл өтті, әлі күнге дейін орамал тағасың ба?» дегендер көп болды. Мен одан проблема көріп тұрған жоқпын. Ол проблема емес. Айына бір рет келетін қонақтар үшін орамал тағып, келін көйлегіңді киіп, сәлем салудың еш қиындығы жоқ қой. Батасын аласың қайта. Мен керісінше, шашым аппақ болғаннан кейін орамалды тастамай тақтым. Келін болып түскен кезім. Блондинка болып жүрдім. Артық сөз болмасын деп, орамалды бірден тағып алдым. Соның өзінде суреттен көргендер: «орыс па, татар ма?» деп сұраған екен», – деді Дана Есеева енесімен бірге Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында.