Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

13 қала мәртебесінен айырылуы мүмкін

15:39, 19 наурыз 2024 554

Бүгін Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков 13 қала мәртебесінен айырылуы мүмкін екенін айтты.

«Мәртебесінен айыралатын 13 қала бар. Онда халықтың саны 10 мың адамнан төмен. Мысалы, Шар, Қазалы және тағы басқа қалалар. Халықтың саны 10 мыңға жетпейтін қалаларды ауылға айналдыру мәселесін күн тәртібіне қойып, қарастырамыз. Бұл мәселе бойынша жергілікті әкімдік, мәслихатпен және халықпен бірігіп, шешім қабылдау керек», - деді Бауыржан Омарбеков.

Ал бұған дейін БАҚ беттерінде елімізде жаңа қалалар пайда болуы мүмкін деген ақпарат тараған еді.

Мәселен, Үкімет басшысы «Адамдар ірі елді мекендерге көшіп жатыр. Халық тығыз орналасқан ауылдардың статусын қайта қарау керек. Қазір мұндай ауылдар қанша? Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр?» деп Ұлттық экономика министрінен сұраған еді.

«Заңнамада олардың мәртебесін өзгерту тетіктері қарастырылған. Мәселен, үш жыл ішінде халық саны 10 мыңнан асатын болса, онда облыстық мәслихат бұл ауылдардың мәртебесін өзгертуге, яғни оларға қала мәртебесін беруге құқылы. Заң 2021 жылы күшіне енді. Қазіргі уақытта облыс әкімдіктері мәслихаттардың өтініштерін қарап жатыр. Бірақ әлі нақты шешім қабылданған жоқ, жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді министр Нұрлан Байназаров.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар